Ақбөкендерді сақтау Альянсы жас эколог мамандардың қолдауының ерекше маңызды екенін бағалайды. Жас көшбасшыларға арналған осы сыйлық ақы аясында Альянс бес үмітті табиғат қорғаушыны АҚШ тың 1000 доллары көлемінде қолдай алады.

Сыйлық ақы жүзеге асыру мерзімі 12 айлық, сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттерде Альянс аясында ағымдағы жұмыстардың орындалуымен байланысты жобаларды қолдауға арналған. Біз жас мөлшерлері 18 бен 30 жас аралығындағы және Қазақстан, Қытай, Монғолия, Ресей, Өзбекстан елдерінде тұратын жас экологтардан жоба ұсыныстарын күтеміз.

Қоршаған ортаны қорғау ісіндегі жас көшбасшылар Альянстың алдына қойған мақсаттарына жету үшін Альянс командаларымен бірге жұмыс орындайтын болады. Олар Альянстың жұмыс жасау бағыттарының аясында өз қалаулары бойынша жұмыс атқаратын болады (мысалы, веб-сайттың немесе ақбөкен бойынша Ресурстық орталықтың жұмысын жақсарту, өз елдерінде жастарға арналған іс шаралар ұйымдастыру немесе халықаралық қатынастарды күшейту, Альянс аясында өзі тұрып жатқан елде орындалатын жобаларға қатысу).

Қоршаған ортаны қорғау ісіндегі жас көшбасшылардың жетекшілері сол елдегі органның өкілі болып табылатын Аляьнстың Басқарушы органынан болады. Альянс жас көшбасшыларды қолдаумен бірге, қаржылай қолдау мен оқу мүмкіншіліктеріне ие болуға, WCN арқылы сынақ, табиғатты қорғау ғылымы бойынша студенттік конференцияларға қатысуға, Rufford қорына ұсыну үшін жобалар дайындауға көмектесуге себептес болады немесе оларға қажет басқа да көмектер көрсете алады.

Жас көшбасшыларға арналған Альянс сыйлық ақысына ие болу үшін өтінім өтініш берушіның өзімен тапсырылуы қажет.

Сыйлық ақыға өтінім беру үшін төмендегі сұрақтарға (ағылшын тілінде) жауап беруіңізді және өтініміңізді келесі mail@saiga-conservation.com. электронды адресіне жіберуіңізді сұраймыз

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2014 жылдың 15 сәуірінде аяқталады.

Application_Kaz (1)

%d bloggers like this: